Жиі болатын оқиғаларды бұғаттауды басқару

Басқару сервері жиі болатын оқиғаларды автоматты түрде бұғаттайды, бірақ сіз бұғаттаудан бас тартып, жиі хабарлар алуды жалғастыра аласыз. Сондай-ақ, бұрын құлпы ашылған жиі болатын оқиғаларды алуға тыйым салуға болады.

Жиі болатын оқиғады бұғаттуды басқару үшін:

  1. Kaspersky Security Center консолі шежіресінде тінтуірдің оң жақ түймесімен Басқару сервері түйінінің мәтінмәндік мәзірін ашып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  2. Басқару сервері сипаттары терезесіндегі Бөлімдер панелінде Жиі болатын оқиғаларды бұғаттау бөлімін таңдаңыз.
  3. Жиі болатын оқиғаларды бұғаттау бөлімінде:
    • Алуды бұғаттағыңыз келмейтін оқиғалар үшін Оқиға түрі параметрін таңдаңыз.
    • Одан әрі алғыңыз келмейтін оқиғалар үшін Оқиға түрі параметрін таңдауды болдырмаңыз.
  4. Қолдану түймесін басыңыз.
  5. OK түймесін басыңыз.

Басқару сервері сіз Оқиға түрі параметрін таңдаудан бас тартқан жиі оқиғаларды алады және Оқиға түрі параметрін таңдаған жиі оқиғаларды алуға тыйым салады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Жиі болатын оқиғаларды бұғаттау туралы

Басына оралу